"Мақтанғым келді": Құранды рэп қылып оқып, сынға қалған блогер жылап отырып, кешірім сұрады
Блогер Juzzeffina Құранды рэп қылып оқу ойына қайдан келгенін айтып, халықтан кешірім сұрады.
Блогер Жұлдыз Жауынбаева алыпқашпа әңгіме таратқандарға желіде жауап қатты.
“Жай ғана мәтін жазып кете салмай, халық алдында түсіндіргім келіп отыр. Таңертеңнен бері осы ақпаратпен арпалысып жатырмыз. Біріншіден, жұрттың наразылығын түсінемін. Себебі, сіздерге жалған ақпарат таратып жатыр. Жалған ақпараттың салдарынан мен кибербуллингке ұшырап жатырмын. Екіншіден, бұл дінген қатысты болғандықтан, үндемей отыра алмадым. Мені дінге қарсы адам ретінде көрсетіп жатқанына қатты ашулымын", – дейді блогер.
Сондай-ақ желі жұлдызы тойдың халал өткенін айтып, ақталды.
“Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан. Шындығымды айта кетейін. Біріншіден ешқандай ішімдік болған жоқ. Себебі ол жиында отырғандардың 70 пайызы – оранған, ұзын киінген.Екіншіден, ол жерде конкурс болды. Өнерлеріңізді көрсетіңіздер дегенде бірі рэп оқыды, екіншісі опера айтты. Ол жерде намаз оқитын кісілер мені түсінеді ғой деп мақтанғым келіп, сондай ниетпен оқыдым. Ол жерде ешқандай рэп, бит жоқ. Жұрттың соны ушықтырып жібергеніне сасқалақтап қалдым", – деп атышулы блогер мән-жайды түсіндірді.