Марқұм Мәдина Ералиеваға қатысты тың ақпарат пайда болды

Марқұм Мәдина Ералиеваға қатысты тың ақпарат пайда болды
22.09.2025 21:19
0
179

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі "Астарлы ақиқат" бағдарламасында марқұм Мәдина Ералиеваны еске алып, көпшілікке бұрын беймәлім болған жайттарды ашық айтты, – деп хабарлайды POLITICO.KZ Arasha.kz сайтына  сілтеме жасап.

Сазгердің айтуынша, әншінің режиссер Болат Атабаевпен арадағы байланысы және олардың ұлы Арсен туралы шындық ұзақ жылдар бойы айтылмай келген.

"Мәдина Арсенді күлге аунап туған жоқ. Болат Атабаев – баласының биологиялық әкесі. Арсенді бәрі Мәдинаның баласы дейді, олай емес. Ол – Болат Атабаевтың баласы. Екеуі ғашық болды. Болат менің жездем болды. Мәдинаны әпке дейтінмін. Болат – үлкен аңызға айналған тұлға, қайраткер, ондай режиссер кемде-кем", – деді Құрманәлі.

Сонымен қатар ол Болат Атабаев пен Арсеннің арасындағы байланыстың қайта жандануына өзі себепкер болғанын да сөз етті.

"Бірде Мәдина Ералиеваны еске алу кешін Астанада өткізетін болдық. Арсеннің үйіне барып, шаршап, ұйықтап қалдым. Кештің режиссері Болат Атабаев болды. Басында көнгісі келмеді. Сосын "өткен шақпен сөйлеудің қажеті жоқ, балаңыз бар" дедім. Арсеннің үлкен ұлы Әлішер кішкентай еді. Қайта-қайта маған келіп, "ата" деп құшақтай береді. Бір күні Болат Атабаевты алып барып, "Әлішер, міне, атаң" деп көрсеттім. Жұрттың бәрі Мәдина Ералиеваның күйеуін көргісі келеді. Сахнаға шығып сөйлеп, режиссері ретінде Болат Атабаевты ортаға шығардым, көрсеттім. Сондықтан Арсенді айтқанда, анасы мен әкесін де бірге айту керек. Бұл – тектінің ұрпағы", – деп түйіндеді композитор.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий