"Мәскеуді тозаққа айналдырамын": Трамптың жасырын сөздері жария болды

09.07.2025 16:30
0
223
Коллаж POLITICO.KZ (Фото: Sputnik, AP Photo, vecteezy.com)

Трамптың жасырын сөздері жария болды

Дональд Трамптың 2024 жылғы сайлауалды науқан кезінде жабық жиындарда айтқан сөзі әлемдік ақпарат кеңістігін дүр сілкіндірді. CNN және бірнеше америкалық басылым таратқан аудиожазбаларда Трамп Ресей мен Қытай басшыларына ашық ядролық қоқан-лоққы жасағаны айтылады.

Жазбада Трамп Ресей президенті Владимир Путинге қарата:

«Егер Украинаға кірсең, Мәскеуді тозаққа айналдырамын. Басқа амалым жоқ», — деген. Ол сол сәтте Путиннің бұл сөзге сенбегенін, бірақ кем дегенде 10 пайыз сенгенін айтқан. «Ал кейде сол 10 пайыз жеткілікті», — дейді Трамп күле.

Қытай төрағасы Си Цзиньпинге де дәл осындай ескерту жасаған:

Егер Тайваньға тиетін болсаңдар, Бейжіңге бомба тастаймын. Ол мені есі ауысқан деп ойлады. Бірақ, 10 пайыз сенді.

Бұл сөздер Трамптың Нью-Йорк пен Флоридада өткен жабық кездесулерінде, негізінен донорлармен болған сұхбаттарда айтылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий