Майғазиев пен Еспановтың ұлдары дауға қалды

Әлеуметтік желілерде қазақстандық танымал әншілер Нұрлан Еспанов пен Сәкен Майғазиевтің ұлдарына қатысты қызу талқылау жүріп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Пайдаланушылар оларды Алматының «Қайрат» пен Мадридтің «Реалы» арасындағы Чемпиондар лигасы матчының билеттерін қайта сатумен айналысты деп айыптады. Жарияланымдар мен пікірлерде өнер жұлдыздарының балаларына қатысты қатаң сындар айтылған:
«Мұндайларға жол беруге болмайды. Еркектікке жатпайды. Қажет жандарға берер еді немесе ауылдан балалар әкелсін», «Тікелей эфирде үйлену тойдан ақша жасауды да ойлап тапқандар. Бұлардың бәрі “түк көрмегендер”», «Бұл – сендер туралы олардың ойы, сендерді қой секілді көреді. Ал сендер олардың концертіне барасыңдар», - дейді олар.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшаларда Нұрлан Еспановтың ұлы матчқа билет ұсынғаны туралы ақпарат тараған.
«34-сектор, 9-қатар, екі билет. Әрқайсысы 500 мың теңгеден. Бұл – клубтық шақыртулар. ЖСН қажет емес, сканерлеп кіресің», – делінген хабарландыруда.
Кейін Сәкен Майғазиевтің ұлы да осындай хабарландыру жариялаған.
«9, 14, 1, 8-қатарлар. Әрқайсысын 350 мың теңгеден беремін. Жеке хабарласыңыздар», – делінген жазбада.
Пайдаланушылардың айтуынша, қайта сатылымда 20-ға жуық билет болған. Көптеген жанкүйерлер билеттерді ресми сайттан сатып ала алмай қалғанына наразы болды, ал өнер жұлдыздарының туыстарының қолында ондаған орындар болған.
«Біз бес сағат экран алдында отырып, әрең бір билет алдық. Ал олар миллионға дейін сатып жатыр. Полиция тексеруі керек», – деп жазды пікір қалдырушылар.
Қазір Еспанов пен Майғазиев ұлдарының парақшаларынан бұл жарияланымдар алынып тасталған.
Соңғы жаңалықтар





