“Мәйітін аулаға көмген”: Ауылдас қызды зорлап, айуандықпен өлтірген ер адам сотталды

Жетісай ауданы Алғабас ауылында 38 жастағы Әйгерім Әжекееваны зорлап, кейін азаптап өлтіріп, денесін атқорасына көміп тастаған Ералхан Төрехановты 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
27 жастағы жігіт жазасын қауіпсіздігі барынша қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Сотталушы айыпты мойындағанымен үкіммен келіспеді.
Сот жаза тағайындау кезінде оның бұрын сотты болғаны, қылмыс жасауды қайталағаны ескерілгенін атап өтті.
Судья марқұмның анасы Мейрамгүл Бердіәлиеваның азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырып, оған саотталушыдан 10 млн теңге көлемінде моральдық залал өндірді. Сотталушыға моральдық залалды 1 ай ішінде төлеу міндеттелді.
Айта кетейік, 2004 жылы Мақтаарал аудандық соты Төрехановты қылмыстық жауаптылықтан босатып, стационарлық-психиатриялық ауруханаға еріксіз емдеуге жіберген. 2013 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
Соңғы жаңалықтар





