«Мәйітін де көрсетпеген»: Ақтауда 30 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған екі баланы туыстары әлі іздеп жүр

23.09.2026 16:59 Мөлдір ҚАЙНАР
«Мәйітін де көрсетпеген»: Ақтауда 30 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған екі баланы туыстары әлі іздеп жүр
298
Фото: туыстарынан

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында осыдан 30 жылға жуық уақыт бұрын жоғалған екі баланы туыстары әлі күнге дейін іздеуден үміт үзген жоқ. Бұл туралы олардың жақындары желіде жазба жариялап, халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 1997 жылдың 5 сәуірінде орын алған. Маңғышлақ станциясы маңынан сол кезде 5 жаста болған кішкентай қыз бен 7 жасар ұл бала белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Соңғы деректер бойынша, балаларды вокзал жанындағы пошта маңынан көрген куәгерлер болған.

«Содан бері 30 жылға жуық уақыт өтті. Бірақ әке-шешем бауырларымды іздеуден бір күн де күдер үзген емес. Ең ауыры – кезінде балаларды "қайтыс болды" дегенімен, мәйітін ата-анасына ешқашан көрсетпеген. Сол себепті әке-шешем оларды әлі де тірі болуы мүмкін деген үмітпен күтіп келеді», – деп жазды жақындары.

Сондай-ақ жазба авторы ол жылдары байланыс пен интернеттің болмауы, отбасының Алматыдан жаңадан қоныс аударған жас шаңырақ болғандықтан, өңірде сүйенер ешкімі болмағанын жеткізді. Олар барлық инстанцияларға жүгініп, зар жылап іздегенімен, сол уақытта еш нәтиже шықпаған.

Бауырларынан ажыраған отбасы бүгінде көпшіліктен қандай да бір ақпарат немесе көмек күтіп отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий