Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер айқасының мерзімі мен орны белгілі болды

09.12.2025 13:49 Арман Ермеков
Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер айқасының мерзімі мен орны белгілі болды
0
52
Фото: Getty Images

Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті чемпион Майк Тайсон Флойд Мейвезермен өтетін көрсетілімді жекпе-жектің мерзімін растады. Спорт тарихындағы рекордтарды жаңартуы мүмкін бұл айқас келесі жылдың наурыз айында Африкада өтеді деп жоспарлануда деп хабарлайды Politico.kz.

Майк Тайсон Дублинде берген сұхбатында бұл жекпе-жектің әзірлігі туралы жаңа мәліметтерді жариялады. Оның сөзінше, бұған дейін қыркүйек айында жарияланған бұл шараның уақыты мен орны нақтыланған.

«Ол наурыз айында Африкада өтеді. Бұл керемет оқиға болмақ, барлық рекордтарды жаңартып, спорт тарихындағы ең ірі оқиғалардың біріне айналады», – деді Тайсон.

Флойд Мейвезер жеңіл, бірінші жартылай орта, жартылай орта және бірінші орта салмақтарда чемпиондық атақтарды жеңіп алған. Америкалық 2015 жылы 49-0 рекордымен кәсіби карьерасын аяқтады, алайда 2017 жылы Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізіп, оны оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, рингке қайта оралған еді.

Майк Тайсон 1987-1990 жылдары ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болды. Ол кәсіби рингте 58 жекпе-жек өткізіп, 50 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген. 59 жастағы боксшы 2024 жылдың қараша айында 19 жылдық үзілістен кейін рингке оралып, бұрынғы блогер Джейк Полдан төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліс тапқан болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий