Мәжібаев PepsiCo-мен келісімді тоқтату себебін түсіндірді

07.11.2025 11:45 Арман Ермеков
Мәжібаев PepsiCo-мен келісімді тоқтату себебін түсіндірді
0
82
Фото: ашық дереккөз

Қайрат Мәжібаев PepsiCo-мен 25 жылдық серіктестікті неге тоқтатқанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Forbes Kazakhstan-ға сілтеме жасап.

Белгілі қазақстандық бизнесмен, RG Brands компаниялар тобының иесі Қайрат Мәжібаев 2025 жылы PepsiCo компаниясымен 25 жылға созылған ынтымақтастығын аяқтады. Кәсіпкер бұл шешімнің негізгі себебін аймақтық нарықтарға шығу мақсатымен түсіндірді.

Мәжібаевтың айтуынша, PepsiCo-мен жасалған келісімшарт RG Brands компаниясының Орталық Азиядағы көршілес елдердің нарығына шығуына кедергі келтірген.

«Шын мәнінде, PepsiCo-мен жасалған келісімшарт біздің аймақтық экспансия жасау мүмкіндіктерімізді шектеп келді. Себебі басқа үш елде олардың өз боттлерлері жұмыс істейді. Бүгін біз өзіміздің жеке брендтерімізді аймақтың барлық негізгі нарықтарында дамыта аламыз», – деп нақтылады Қайрат Мәжібаев.

Енді компания Salam Premium Cola сияқты өзінің жеке брендтерін дамытуға күш салмақ. Кәсіпкер 2026 жылы негізгі назар Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан нарықтарына аударылатынын атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий