Мәжіліс депутаты Қызылорда облысына әкім болып барды
652
Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мұрат Ергешбаев 1966 жылы Қызылордада дүниеге келген. 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының халық шаруашылығын жоспарлау факультетін бітірген.
Ол бұған дейін 2023 жылдан бері Қазақстан Мәжiлiсі VIII-сайланымының депутаты болған. Мұрат Ергешбаев бұрын Сырдария ауданының (2021–2023) және Қызылорда қаласының (2008–2010) әкімі болған.
Еңбек жолы:
- 1989 жылдан – Қызылорда облысы Сырдария ауданы Жамбыл кеңшарының экономисі.
- 1990 жылдан – Қызылорда облысы Сырдария аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің экономисі, экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы.
- 1993 жылдан – Қызылорда қаласы «қазақстан Әлем-Банкі» басқармасының несиелік маманы, несие бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
- 1996 жылдан – Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі.
- 1998-2001 жылдары – Қызылорда облысы Халық банкі филиалының директоры.
- 2002 жылдан–Қызылорда облыстық Еңбек, халықты еңбекпен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары.
- 2004 жылдан – Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің бастығы.
- 2006 жылдан–ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Өрт сөндіруші» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті.
- 2008 жылдан – Қызылорда қаласының әкімі.
- 2010 жылдан бері – Қызылорда облысы қаржы басқармасының бастығы.
- Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі,
- Әр жылдары Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – аппарат басшысы болды.
- 2017 жылдың маусым - қазан айларында – Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
- 2017-2021 жылдары –Қазалы ауданының әкімі.
- 2021 жылдың 27 мамырынан бастап Сырдария ауданының әкімі болды.
Соңғы жаңалықтар
12.05.2026
17:41
Жетісу облысында полицейді шапалақпен тартып жі...
12.05.2026
17:29
"Қуанып тұрмын": Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір М...
12.05.2026
16:24
"Сахнамен қоштасамын": Роза Рымбаева күтпеген м...
12.05.2026
16:05
Талғарда тағы да трагедия: әкесінің басына дұға...
12.05.2026
15:29
«13 млн теңге айыппұл»: Елімізде қандай бақбақт...
12.05.2026
15:08
Әнші Luina екінші рет ана атанады