Медициналық қызметкерлер айлығын ала алмай жүр
329
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС бұрынғы қызметкерлерi хабарласты. Олар қордан еңбек құқықтарын қорғауды сұрайды. Дәрігер, мейірбике, санитар, барлығы 17 қызметкер бұрынғы жұмыс беруші Данияр Құдабеков «еңбек ақымызды жеп қойды» деп шағымданды. Оның кейбір қызметкерлер алдындағы қарызы 1 миллионға жетіпқалған.
«Одан бөлек, 2023 жылдың мамыр айынан бері жұмысберуші біздің зейнетақы төлемдерімізді аудармаған. Адалақымызды күтіп сабырымыз сарқылды, сол үшін Қордың көмегіне жүгініп отырмыз», дейді медбике Салия Жүсіпова.
Санитар Қалдыгүл Жұмадуллаева да еңбекақысын айлап көрмеген. Сома қомақты – кейбірінің ала алмай жүрген ақшасы 1 миллионға жуық.
«Мұндай жағдайда заң қызметкерлер жағында, сондықтан олар бұл істе жеңеді. Әрбір жұмыскерге осындай жағдайда шыдап отырмай, мәселені бірден заң бойынша шешуге тырысуға кеңес беремін» дейді, «Әділдік және өркендеу» қорының заңгері Дархан Құлжамбеков.
Еңбек құқығы тапталған қызметкерлер «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС үстінен арыз жазды. Бұлісте «Әділдік және өркендеу» қоры оларға тегін заңгерлік қолдау көрсететін болады.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
14:35
Астанада 19 жастағы қыз Қайрат Нұртастың үстіне...
10.07.2026
14:16
Қазақмыс "Жомарт" кенішінде қауіпсіздікті күшей...
10.07.2026
14:04
«Екі дүниеде де жазасын алсын» – Жанель Мақажан...
10.07.2026
13:21
Әскерде сарбазды соққыға жыққан сержантқа сот ү...
10.07.2026
13:19
Қорғаныс министрлігі желіде таралған жалған әск...
10.07.2026
12:59
Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?