Мектептегі оқу мерзімін қысқарту ұсынылды

Мектептегі оқу мерзімін қысқарту ұсынылды
15.07.2025 10:24
0
984
istock

Ресейде мектептегі оқу мерзімін 8 немесе 10 жылға дейін қысқарту елде алғашқы баланың туу жасын төмендетуге ықпал етеді.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей Қоғамдық палатасының демография, отбасы, балалар және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Сергей Рыбальченко мәлімдеді.

Сергей Рыбальченконың айтуынша, некеге тұру мен бала сүю жасына әсер ететін негізгі факторлардың бірі — әлеуметтік жетілу уақытының ұлғаюы. Қазіргі таңда маман болу үшін адам орта есеппен 11 жыл мектепте, 4 жыл бакалавриатта және 2 жыл магистратурада оқиды, яғни жалпы 17 жыл білім алады. Бұған қоса, жас маманға жұмысқа бейімделу үшін шамамен 3 жыл қажет. Осы себепті жастар көбіне 27 жасқа жақындағанда ғана отбасын құру және балалы болу туралы ойлана бастайды.

Рыбальченконың пікірінше, білім сапасына зиян келтірмей-ақ оқу мерзімін 15 жылға дейін қысқартуға болады: мектепте 10 жыл және жоғары оқу орнында 5 жылдық арнайы бағдарлама (специалитет). Бұл жағдайда жастар еңбек нарығына екі жыл ертерек шығып, ересек өмірге тезірек араласады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий