Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
588
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевті Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады.
– Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Болгария Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
10:34
Тоқаев Ресеймен ынтымақтастықта «Солтүстік Оңтү...
09.10.2026
10:26
«Айына 50 мың теңге табамыз»: Оралда қоқыс поли...
09.10.2026
10:25
"Шектен шықты": Жігер Ауыпбаев пен жұбайының Ti...
09.10.2026
10:23
«Енді ана бола алмаймын»: ақтөбелік әйел тіс дә...
09.10.2026
09:57
«3 сағат қана ұйықтайтынбыз, қазіргі жастар те...
09.10.2026
09:32
Павлодар облысында мәйіттер жылдар бойы сақталғ...