Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасы орынбасарларын қабылдады
467
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.
Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады.
Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Айта кетейік, бүгін таңертең Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындағанын жазған едік. Соңғы жаңалықтар
26.03.2026
22:59
Қарағандыда әйел мен 12 жасар қызы өлі табылды
26.03.2026
22:08
Жантүршігерлік жол апатынан кейін Алматы полици...
26.03.2026
21:24
Ақтаудағы жаппай төбелеске мемлекеттік қызметке...
26.03.2026
20:28
Алматыдағы жол апаты: ІІМ басшысы мәлімдеме жасады
26.03.2026
19:21
Әбиба Әбужақынова өзінен бес жас кіші балуанға ...
26.03.2026
18:18
Ақтөбеде жүкті әйел мінген жедел жәрдем аударылды