Мемлекет басшысы қиын-қыстау кезеңінде Апатқа қарсы күресте қол ұшын созған отандастарымызға алғыс айтты
808
Еліміздің бірқатар өңірінде табиғи апат орын алған сәттен бері менің атыма достас мемлекеттердің басшыларынан жылы лебіздері мен көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар келіп түсіп жатыр. Қазақстан жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіргені үшін достас елдерге шын жүректен алғыс айтады.
Менің тапсырмам бойынша Премьер- Министр бастаған республикалық штаб төтенше жағдайдың салдарын барынша азайту үшін пәрменді шаралар қабылдап жатыр. Зардап шеккен барлық азаматқа қажетті көмек көрсетілуде. Олардың бүкіл шығындары өтеледі. Бірде-бір адам назардан тыс қалмайтынын жуырда отандастарыма арналған үндеуімде
айттым. Апатқа қарсы күрес жалғасуда.
Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытып, бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткені қуантады. Қазақстан азаматтарына шын жүректен
Алғыс айтамын!
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
16:25
Үш адамның өліміне әкеп соққан экс полицей 30 м...
11.09.2026
15:59
Алматыда Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш о...
11.09.2026
15:52
Қазақстан Қытайдың облигациялар нарығында рекор...
11.09.2026
15:51
Белсенді Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті: енді...
11.09.2026
15:24
«Өлімін түсім арқылы білдім»: Нұржан Қалжан Рус...
11.09.2026
15:17
Шымкентте қарияны өлтірген қылмыс, туыстары күд...