«Әкеммен он жыл көріспедік»: Дана Нұржігіттің ұлы марқұм әкесі туралы естелігімен бөлісті

«Әкеммен он жыл көріспедік»: Дана Нұржігіттің ұлы марқұм әкесі туралы естелігімен бөлісті
Фото: коллаж politico.kz

Белгілі журналист Дана Нұржігіт пен марқұм тележурналист Владимир Рерихтің ұлы Әлім Рерих әкесі жайлы жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Politico.kz sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Журналист Жанар Байсемізге берген алғашқы сұхбатында ол әкесімен ұзақ жылдар бойы араласпағанын және марқұмның өмірінің соңғы күндерінде ғана кездескенін айтып берді.

«Әкеммен он жыл көріспедік. Бірінші рет көрген кезде мен оны танымадым. Жүгіріп барып, қолмен амандастық. Себебі ол мені сипамаған, еркелетпеген. Көріскеннен кейін жиырма күннен кейін кетті ғой. Оны естіп, жылап шықтым ғой. Содан кейін бұл жағдайға басқаша қараймын. Қайғырамын, әкем кетті ғой. Бірақ өкінішім бар, қайғым жоқ әкемді он жылдан кейін көргеніме. Балалық шағымда мені тәрбиелесе, өте жақсы болар еді. Бірақ енді жарайды, өтті бәрі», — деді Әлім Рерих.

Журналист Жанар Байсеміз бұл сұхбаттың Әлім үшін алғашқы тәжірибе екенін атап өтіп, оған алғыс білдіріп, ақ тілегін жаудырды. Жасөспірімнің бұл ашық әңгімесі әке мен бала арасындағы қарым-қатынас пен уақыттың қадірі туралы көпшілікке ой салып отыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу