«Мемлекет ұстаздарды қолдайды»: Тоқаев мектеп мұғалімін құттықтады

«Мемлекет ұстаздарды қолдайды»: Тоқаев мектеп мұғалімін құттықтады
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

Татьяна Белоусова – Алматыдағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі.

Ол Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енді. 

Осыған орай президент Татьяна Белоусова өз құттықтауын жеткізді.

«Бұл жоғары баға – сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды», – делінген Тоқаевтың құттықтауында.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу