Мемлекеттік жобаларда енді қазақстандық кәсіпорындарға басымдық беріледі

04.08.2026 12:35 Қанат Айбар
Мемлекеттік жобаларда енді қазақстандық кәсіпорындарға басымдық беріледі
49
Фото: Ukimet

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында тауарлар мен қызметтерді сатып алуда отандық кәсіпорындарға ерекше басымдық берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Премьер-министрдің айтуынша президенттің тікелей тапсырмасы аясында елімізде жергілікті тауар өндірушілерді қолдаудың және олардың ішкі нарықтағы үлесін арттырудың кешенді жүйесі қалыптасқан.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде отандық өндірушілерді қолдаудың негізгі тетіктері іске қосылды. Ұлттық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық кәсіпорындарға басымдық беріледі. Салықтық және мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары жаңа өндірістерді іске қосып, қолданыстағы өндірістердің қуатын кеңейтуге қолайлы жағдай жасап отыр. Енді ішкі нарықта отандық өнімнің үлесін тұрақты түрде арттырып, қазақстандық тауарлардың экспортын кеңейту қажет», – деді Олжас Бектенов.

Войдите, чтобы оставить комментарий