«Мен бетіме ешқандай операция жасатпадым»: Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызын хайп үшін өзін пайдаланды деп айыптады

«Мен бетіме ешқандай операция жасатпадым»: Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызын хайп үшін өзін пайдаланды деп айыптады
04.09.2025 17:25
0
127
Фото: instagram.com/sultankyzy/ erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан пластикалық ота жайлы сөз қозғаған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына ренішін білдірді. Ол журналисті жалған ақпарат таратты деп айыптап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 


«Ләйлә ханым, мен бетіме ешқандай операция жасатпағанымды өзіңіз жақсы білесіз. Жақын әпкем ретінде өтірікке жол бермей, керісінше талқыға салғаныңызға таңғалдым», – деді ол.


Ерке Есмахан сонымен қатар өзінің атын «хайп пен қаралым үшін пайдаланғаны» ұнамағанын айтты.
Еске сала кетсек, Ләйлә Сұлтанқызының YouTube-подкастында хирург Мұхтар мен Гүлмира Қобландиндер қонақ болып, жұлдыздардың фотолары көрсетіліп, пластикалық оталары туралы пікір білдірген. Сол кезде Ерке Есмаханның суреті де шыққан. Кейіннен бұл сәт подкасттан қиылып тасталды.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий