“Мен бұған кәміл сенемін”: Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеп, елдің алдағы саяси дамуына қатысты маңызды мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы қазіргі кезеңнің Қазақстан үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтіп, Парламенттің 8-шақырылымы өз жұмысын аяқтайтынын еске салды. Оның айтуынша, ол жақын күндері Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысына қатысып, атқарылған жұмыстарды қорытындылайды және ел дамуының жаңа кезеңіндегі басым бағыттарды айқындайды.
Президент өз сөзінде ел бірлігі мен тұрақтылықтың маңызын ерекше атап өтті.
«Біз, Қазақстан халқы жасампаз әрі озық ойлы ұлт ретінде алысқа көз тігеміз. Осы жолда берекелі бірлігіміз бен ынтымағымызды күшейтіп, барлық мақсатымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Конституцияның ел дамуы үшін негізгі тірек екенін айтып, оны «халықтың темірқазығы, әділетті қоғамның берік тұғыры және тұрақты дамудың кепілі» деп бағалады.
Президенттің айтуынша, алдағы күндері, нақтырақ айтқанда 1 шілдеден бастап Конституция толық заңды күшіне еніп, Қазақстан жаңа саяси кезеңге аяқ басады.
«Конституция еліміздің саяси және идеологиялық арқауы ретінде ұзақ жылдар бойы халық игілігіне қызмет етеді деп сенемін. Қазақстанның дамыған ел болуы – өз қолымызда. Біздің басқа Отанымыз жоқ», – деді ол.
Тоқаев қазіргі және келер ұрпақ алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын да ерекше атап өтті.
Соңғы жаңалықтар