«Мен оның тоқалымын»: Мақпал Исабекова күйеуі туралы сұраққа ерекше тоқталды
1303
Әнші Мақпал Исабекова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап беріп, оқырмандарымен сырласты. Олардың дені әншінің күйеуіне қатысты сұрақтар қойған.
Оның ішінде әнші «Неліктен күйеуіңізді көрсетпейсіз? Ол қарсы ма? Әлде ол сіздің күйеуіңіз емес пе?» деген сұраққа тоқталды.
Ол менің күйеуім емес. Ол үйленбеген. Ол – ұсқынсыз. Ол – бандит. Мен оның тоқалымын. Нұсқа көп, өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз. Маған бәрібір, – деп әзілдеді.Еске сала кетсек, ол бұған дейін де жеке өміріне қатысты сұрағандарға ашуланған болатын.
Шыдамның де шегі бар. Менің жеке шекарамнан өтіп, сұрамасам да ақыл-кеңесін айта беретіндерге таңғаламын. Жеке өмірім мен отбасымды талқылауға жол бермеймін! Мұндай жағдайда мен дөрекілік танытып, қатыгез боламын. Өз басым біреудің жеке өміріне араласпаймын, маған ол қызық та емес. Сол себепті біреудің менің өміріме қол сұғуына жол бермеймін. Әркім өз өмірін өзі сүрсін! Негізі жүрегім жұмсақ, бірақ қажет болса, мен де қатыгез бола аламын. Қысқасы, сізден ақыл-кеңес сұрамаса, онда үнсіз қалғаныңыз жөн, – деген еді Мақпал Исабекова.
Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
20:21
Қызылорда облысында 6 жастағы бала түнде Toyota...
10.09.2026
20:03
Олжас Бектенов денсаулық сақтау жүйелерін цифрл...
10.09.2026
19:06
Қорғас тасжолында үш адам қаза тапқан апат: Экс...
10.09.2026
18:14
«Батыл әрі жедел әрекет ету қажет»: Тоқаев түрк...
10.09.2026
18:02
Алматыда Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш т...
10.09.2026
17:36
Құрылыс компаниясы жауаптан құтылды ма? Ұлдана ...