Мен «қазақпын» деп мақтанатындарды түсінбеймін - Ермек Тұрсынов
1758
«Адамның ешқандай жетістігі болмаса, ол өзінің ұлтымен мақтанады». Белгілі режиссер Ермек Тұрсынов өзінің қазақ болып туғанын мақтан ететін патриоттарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды politico.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
“Сенің қазақ болып туғаныңа өзіңнің қандай тікелей қатысың бар? Сен тумай тұрып сенен біреу “Кім болып туғың келеді?” деп сұрады ма? Сұраған жоқ. Ал қытай болып тусаң не істер едің? Егер адамның өзінің жеке басының ешқандай жетістігі болмаса, ол өз ұлтының жетістігімен мақтанады. Неміс неге бұрынғы ата-бабалары Бетховен, Штрауцтармен мақтанбайды”, - дейді кинорежиссер.
Сондай-ақ ол еліміздің Мемлекеттік Әнұранына қатысты да ойын білдірді.
“Бізге қазіргі айтып жүрген Әнұранымыз жараспайды. Біздің Әнұран тым әдемі. Мен оны естігенде кәдімгідей денем түршігіп кетеді. Бірақ қазіргі Әнұранымыз біздің қазіргі жағдайымызға сай келмейді. Табиғатымыз мүлдем басқа. Ол біз үшін тым биік, керемет мықты, рухани өте терең. Сондықтан біз оған сай келмейміз”, - дейді Тұрсынов.
Ол осы пікірімен көпшілік іштей келіссе де “сенікі дұрыс” деп ешкім айта алмайтынын да қоса кетті.
Фото: ticketon.kz
Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
09:16
Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында чемп...
19.09.2026
17:30
Астанада жеке клиника арқылы 628 млн теңге ұрла...
19.09.2026
16:25
Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал...
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...
19.09.2026
15:15
Тоқаев Астана қаласының әкіміне қатаң тапсырма ...
19.09.2026
14:09
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты