”Мен сені қорқынышты түсімдей ұмыттым”: Индира Елемес өміріндегі маңызды жаңалығын айтып, сүйінші сұрады

01.12.2025 09:23 Айсұлу Мұрат
”Мен сені қорқынышты түсімдей ұмыттым”: Индира Елемес өміріндегі маңызды жаңалығын айтып, сүйінші сұрады
0
16
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Индира Елемес

Үйсіз қалдым деп Президенттен көмек сұраған Индира Елемес қуанышты жаңалығын сүйіншіледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ

”Мен сені қорқынышты түсімдей ұмыттым”. Сен маған барлық қолыңнан келген зияныңды тигіздің бірақ мақсатыңа жетпедің! Біздің отбасымыз бірнеше ай бойы үйімізді заңсыз тартып алмақ болған адамдардың қысымына тап болды. Алайда әділдік жеңіп, барлық мәселе толықтай өз шешімін тапты", - деді ол. 

Әнші осы істі жеңу үшін өзіне көмектескен жандарға алғыс айтты. 

"Осы күрделі кезеңде біздің құқығымызды қорғап, барлық заңдық рәсімдерді дұрыс жүргізіп, әділ шешім шығуына ықпал еткен
Рамазан Бүлбүл мырзаға ерекше алғыс білдіреміз. Құжаттарды реттеу, заңды процестерді бақылау, жағдайды ашық әрі кәсіби түрде басқару – бәрі жоғары деңгейде орындалды. Соның нәтижесінде біз өз үйімізді ресми түрде, заңды негізде иемдендік.

Жанашырлық танытып, әділдік үшін аяғына дейін бірге болғаны үшін Рамазан Бүлбүл мырзаға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Осы өмірімнің қиын сәтінді менімен соңына дейін бірге болып қолдаған жандар Аяулы анама,құрбым Алияға, інім Нұрғазыға үлкен рахмет! Мурат Бейгеде рахмет мені Рамазан Бұлбұлмен байланысқа шығарды! Соңғы сөзім - “Ең жақын адамым қас жауым болып шықты“, - деп жазды Индира Елемес. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий