«Менде қорқыныш жоқ». Шерзат Болаттың әкесі тағы да шұғыл үндеу жасады
8377
Талғарда бүгін түнде үйі өртенген марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов тағы да қазақстандықтарға үндеу жасады.
Құрметті қазақ елі, мен ешқандай қантөгіс болмағанын қалаймын. Ешқандай қантөгіс болмасын. Бұл жерде кеше түннен бері құзырлы органдардың барлығы жүр. Қылмыскерлердің барлығы жауап береді деген сенімдемін. Сол себепті, жігіттер, мен өзім үшін қорықпаймын ешқашан. Қай кезде де, кім келіп жатса да, өзім сөйлесе аламын. Сол үшін тыныш елді дүрліктіріп, қан төгіп, біреулердің обалына қалмайық. Айтарым осы. Жоғарыдағы кісілерге де айтарым осы. Ешқандай қантөгіс болғанын қаламаймын. Қай кезде болсан әділетті Қазақстан болатынына сенемін. Менде қорқыныш жоқ. "Қорықты" деген әңгіме болмасын. Бірақ даладан келген жау жоқ. Бір қазақты бір қазақ өлтіріп, атып жатқаны дұрыс емес, - дейді ол.Айта кетейік, он алты жастағы Шерзат Болатты бір топ қаруланған адамдар өлтіріп кеткен еді.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
17:39
Шығыс Қазақстанда аю адамға шабуыл жасады
24.08.2026
17:38
Тоқаев шет ел басшылары мен халықаралық ұйымдар...
24.08.2026
17:11
Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте жоғары ...
24.08.2026
17:11
"12 жерінен пышақтап, 32 метр сүйреген": Абай о...
24.08.2026
16:41
"Королева болып өстім": Жеңіс Ысқақова отбасы т...
24.08.2026
16:19
Жеңіс Ысқақова отбасы туралы: Бір-бірімізді сой...