Месси «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін

Футбол жанкүйерлері күтпеген жаңалыққа куә болды – Лионель Месси «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ, RUNASPORT сайтына сілтеме жасап.
Аргентиналық жұлдыздың каталондық клубқа қайтуы туралы ақпаратты журналист Алекс Кандал таратты. Ол кезінде Мессидің «Интер Майамиге» ауысуын да алдын ала болжаған.
Кандалдың айтуынша, Месси футбол мансабын аяқтамас бұрын «Камп Ноуда» ойнауды армандайды. Бұл фактор оның «Барселонаға» қайта оралуына себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда стадионның реконструкциясы 2026 жылдың жазында аяқталады.
Мессидің қазіргі келісімшарты «Интер Майами» клубымен 2025 жылдың соңына дейін жарамды. Бұл оның 2026 жылы каталондық командаға ауысу мүмкіндігін арттырады.
Футбол сарапшылары бұл қайта қауышудың қиын екенін атап өтуде, бірақ Лионель Мессидің өзі мұндай мүмкіндікке ашық екенін білдірген.
«Барселона» жанкүйерлері үшін бұл үміт отын жаққан жаңалық болды. Егер клубтың экономикалық жағдайы мүмкіндік берсе, әлемдік футболдың басты символдарының бірі «Камп Ноуда» тағы да өнер көрсетуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





