Метапневмовирус жұқтырғандардың өңірлік статистикасы
Қазақстанда метапневмовирус жұқтырғандардың жалпы саны 30-ға жетті.
Қазақстанда метапневмовирус жұқтырғандардың саны 30-ға жетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. Бұл туралы 5 қаңтардағы Денсаулық сақтау министрлігінің деректерінде айтылған.
Метапневмовирус бойынша жағдайлар келесі өңірлерде тіркелді:
- Астана – 8 жағдай,
- Жамбыл облысы – 13 жағдай,
- Павлодар облысы – 2 жағдай,
- Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) – 2 жағдай,
- Абай облысы – 1 жағдай,
- Жетісу облысы – 1 жағдай,
- Батыс Қазақстан облысы (БҚО) – 1 жағдай,
- Қарағанды облысы – 1 жағдай,
- Ұлытау облысы – 1 жағдай.
Эпидемиологтардың айтуынша, жағдай толық бақылауда. Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның таралуы туралы ақпаратты тұрақты түрде жариялайтынын мәлімдеді.
Мамандар инфекцияның алдын алу шараларын сақтауға, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және жеке бас гигиенасын қатаң ұстануға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
09:22
«Деструктивті ұйымның ықпалында»: Нұртас Адамба...
11.11.2026
08:56
Оралда бұрынғы полицей пышақ жарақатын алды: по...
11.11.2026
08:18
Алматыда 12 жастағы баланы өлтірген оқушының ат...
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...