Министр әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы айтты

Министр әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы айтты
25.12.2024 11:41
0
35
instagram.com/erbayan2024

Әскерде жүріп ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар қазір Түркияда ем алып жатыр. 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбазды елге жеткізуге үкімет тарапынан көмек көрсетілетінін мәлім етті.

Ербаянның ата-анасымен байланыстамыз. Осыдан 3-4 күн бұрын хабарластық. Ербаян тиісті емін алуды жалғастырып жатыр. Жылдың аяғында Қазақстанға қайту жоспарлары бар еді. Бірақ дәрігерлердің қосымша ем тағайындауына байланысты, қайту мәселесін өздері хабарлайтын болады. Дегенмен, 27 желтоқсанда қайтамыз деген болатын. Біз шет елдерде ем алып, ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарының барлығын тасымалдауды жүзеге асырамыз. Осыған байланысты Қазақстанға қайту кезінде тиісті көмектердің барлығы көрсетіліп, санитарлық авиация арқылы жеткізіледі, - деді Ақмарал Әлназарова.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или