Министрлік 15 жастағы баланы іздеп жатыр
Ішкі істер министрлігі Астана қаласында үйінен шығып, қайта оралмаған 15 жастағы жасөспірімге іздеу жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Полиция мәліметінше, 15 жастағы Мәлібек Қамбар Бахтиярұлы кеше 15 наурыз күні елордадағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері оның қайда екені туралы ешқандай ақпарат жоқ. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары мен жауапты органдар баланы тез арада табу үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Жоғалған жасөспірімнің негізгі белгілері:
- Бойы: шамамен 160–165 сантиметр;
- Дене бітімі: орташа;
- Үстіндегі киімі: қара түсті күртеше, қара шалбар және қара аяқ киім киген.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан жоғалған жасөспірімді көрген-білгендер немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдар болса, уақыт оздырмай дереу 8-775-817-16-32, 8-705-311-78-53 байланыс нөмірлеріне немесе «102» жедел арнасына хабарласуын сұрайды.
UPD: 16 наурыз күні жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із-түссіз жоғалған жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, туыстарына тапсырылды.
Соңғы жаңалықтар