Министрлік есі бүтін ананы жындыханаға тыққан даулы іске қатысты түсініктеме берді

28.10.2025 10:29 Арман Ермеков
Министрлік есі бүтін ананы жындыханаға тыққан даулы іске қатысты түсініктеме берді
0
372
фото: Информбюро 31

Денсаулық сақтау министрлігі бес баланың анасы Ақнұр Шәкірдің психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі түрде жатқызылып, кейін «толық сау» деп танылуына қатысты даулы жағдай бойынша ресми түсініктемесін берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын көпбалалы ана өзінің толық сау екенін растайтын дәрігерлер консилиумының қорытындысы туралы видео жариялаған болатын. Бұған дейін, 15 қазанда, оның балалары аналарын мұрагерлік дауға байланысты туыстарының ауруханаға күштеп жатқызғанын мәлімдеп, үндеу таратқан еді.

Министрліктің ресми түсініктемесінде адамның психикалық денсаулығының тұрақты емес, үнемі өзгеріп отыратын динамикалық жүйе екеніне баса назар аударылған. Оған әлеуметтік орта, отбасылық қарым-қатынас, өмір салты, стресс деңгейі және басқа да көптеген факторлар әсер етеді.

«Психиатр дәрігер белгілі бір уақытта қойған диагноз, науқастың сол кезеңдегі клиникалық көрінісіне, бақылаулар мен тексеру деректеріне негізделген жағдайын көрсетеді. Бұрын қойылған диагноз бен кейінгі қорытындының арасындағы айырмашылық бір-бірін жоққа шығаратын жағдай ретінде қаралмауы керек», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство екі қорытынды да дұрыс болуы мүмкін екенін атап өтті, себебі науқастың психикалық жағдайы уақыт өте келе өзгерістерге ұшырауы ықтимал.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий