"Миына ота жасалып жатыр": Бестеректе жапа шеккен балалар туралы тың дерек шықты

20.08.2025 11:45
0
130
t.me/DenMinPR

Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында орын алған жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайына қатысты Денсаулық сақтау министрлігі ақпарат таратты.

Облыстық және республикалық деңгейдегі дәрігерлерден құралған мультидисциплинарлық топ зардап шеккендерді толық тексеріп, жағдайын бағалап, шұғыл емдеу жоспарын әзірлеген.

"Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған. Пациенттер жағдайының ауырлығы алынған жарақаттарға байланысты. Балаларда бассүйек-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған", - дедінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, бір науқасқа дәрігерлер миға күрделі нейрохирургиялық операция жасап жатыр, сонымен қатар ішкі ағзалардағы қан кету тоқтатылған. Жағдайы тұрақталған соң балаларды Астанаға әуе көлігімен жеткізу қарастырылып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий