Ербаян Мұхтар жансақтау бөліміне түсті
Әскерде жүріп ауыр жарақат алып, кейін мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтар қайтадан ауруханаға түсті. Бұл туралы әлеуметтік желіде Ұлпан Советбекқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, Ербаян шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ауруханасына жатқызылған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
“Ресми түрде мәлімдеймін: кеше Мұхтар Ербаян шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ауруханасына жатқызылды”, – деп жазды Ұлпан Советбекқызы.
Сондай-ақ ол Ербаянның ата-анасының өтініші бойынша ақпарат таратып отырғанын айтты.
“Ербаян жансақтау бөлімінде жатыр, ал ата-анасы оның денсаулығына қатысты қажетті ақпараттарды толық ала алмай отыр”, – деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.11.2026
21:19
Шымкентте дәмхана келушілері мен күзетшілері жо...
23.11.2026
20:26
Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту үшін э...
23.11.2026
18:30
«31 арна» Нұртілеу Жылқышыбаевты ақпараттық бағ...
23.11.2026
18:21
Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлық...
23.11.2026
18:08
Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды
23.11.2026
17:01
«Студенттерге қысым көрсетіле ме»: Шекеев ҚазҰУ...