«Мұз баса тұр»: Алматыда ер адам 15 жастағы жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

15.02.2026 15:46 Қарақат АСЫЛОВА
«Мұз баса тұр»: Алматыда ер адам 15 жастағы жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
130
Видеодан кадр
Алматыда кәмелетке толмаған баланы қаққан көлік жүргізушісі табылмай жатыр

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы Сейфуллин мен Райымбек даңғылдарының қиылысында болған жол-көлік оқиғасының видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан 15 жастағы жасөспірімді қағып кеткен.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, жүргізуші көліктен шығып, зардап шеккен балаға қар ұсынып, «Басып тұр, ауырмайды» дегеннен кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Жасөспірім ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккен баланың туыстары істің созылып кетуінен қауіптеніп, оқиғаны көрген куәгерлерден полицияға немесе өздеріне хабарласуды сұрайды.

Ал Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта жүргізушіге іздеу жарияланып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдарын Алмалы аудандық полиция қызметкерлері жүргізуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий