Намаз оқып жүрмін - Яна Легкодимованы аяусыз өлтірген күдіктінің бірі

28.10.2025 13:12 Мөлдір Талғат
Намаз оқып жүрмін - Яна Легкодимованы аяусыз өлтірген күдіктінің бірі
0
659
qumash_kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты резонанстық іс бойынша сот процесі өтіп жатыр.

Бұл туралы  «NewTimes.kz» мәлімдеді. 

Айыпталушылар орындығында – жергілікті екі тұрғын: 24 жастағы инженер Ризуан Хайржанов және 25 жастағы электрик Алтынбек Катимов. Екеуі де аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталып отыр.

Сот отырысы барысында Хайржанов Қылмыстық кодекстің 99-бабында («Адам өлтіру») көрсетілген айыпты толық мойындағанын мәлімдеді.

«Мен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша кінәмді толық мойындаймын. Галина Юрьевнадан тағы да кешірім сұраймын. Уақытты артқа қайтарып, бұл қылмысты жасамауға барымды берер едім. Мен өзімді ақтамаймын – мені ештеңе ақтамайды. Яна маған күн сайын түсіме кіреді, менде тыныштық жоқ, намаз оқып жүрмін», – деді айыпталушы.

Белгілі болғандай, бұған дейін ол айғақ беруден бас тартқан.

Ал Алтынбек Катимов қылмысқа қатысқанын мойындағанымен, пайдакүнемдік ниетпен әрекет етті деген айыппен келіспейтінін айтты.

«Мен қылмыс туралы хабарламағаным үшін және серік болғаным үшін кінәмді мойындаймын. Бірақ мұны пайда табу мақсатында жасады дегенмен келіспеймін — бұл жала. Мен толықтай өкініп отырмын. Соңғы сәтке дейін бұл қалжың шығар деп ойладым», – деді ол және кейін сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Прокурордың «ҚР ҚК-нің 99-бабындағы айыпты мойындайсыз ба?» деген сұрағына Катимов «иә» деп жауап берді.

Тергеу мәліметінше:

Ризуан Хайржановқа ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 7-тармағы – «Адам өлтіру, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен», сондай-ақ 188-баптың 2-бөлігі – «Ұрлық» бойынша айып тағылған.

Алтынбек Катимовқа ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 7 және 8-тармақтары – «Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының және жалданып адам өлтіруі», сондай-ақ ұрлық бабымен айып тағылды.
Сот процесін судья Зарема Хамидуллина жүргізіп отыр.

Оқиға 2024 жылдың 18 қазанында болған. Тергеу нұсқасы бойынша, Яна Легкодимова танысының қоңырауынан кейін үйінен шығып кеткен, тіпті сырт киімін де алмапты. Соңғы рет оны сол ер адамның көлігінде көрген. Анасы іссапардан оралған соң қызымен байланыса алмай, дереу полицияға хабарлаған.

Кейін тәртіп сақшылары Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовты ұстады. Тергеу мәліметінше, Хайржанов Янаны көлікте тұншықтырған, ал оның серігі қыздың есікті ашып шығуына жол бермеген. Кейін олар мәйітті қала сыртындағы Урал өзеніне, Талдықұл ауылы маңында тастаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий