«Намазыма тиісті»: Бекболат Тілеухан кезінде өзіне қандай қысым жасалғанын ашып айтты

06.08.2026 13:13 Қарақат АСЫЛОВА
«Намазыма тиісті»: Бекболат Тілеухан кезінде өзіне қандай қысым жасалғанын ашып айтты
209
Фото: Бейнеден алынған скрин

Қоғам қайраткері әрі әнші Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында кезінде өзінің діни көзқарасы мен айтқан сөздері үшін қандай қысымға ұшырағанын ашып айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Желіде тараған сұхбаттың аңдатпасында өнер иесі бұған дейін басынан өткен кедергілерді еске алып, қарсы тараптардың оның діни сеніміне, соның ішінде оқитын намазына және көп сөйлеген кездеріне шүйліккенін жеткізді.

«Намазыма тиісті, сөйлеген сөзімде де. Қай жерде көп сөйлегенімде тиісті», – деді Бекболат Тілеухан.

Сонымен қатар қоғам қайраткері бағдарлама жүргізушісінің сұрақ қою тәсіліне назар аударып, оның қонақты әдейі көп сөйлетіп, сүрінген тұсын өз пайдасына жарататынын тілге тиек етті.

«Өткір-өткір тәсіл алғансың… Сен де маған қысым көрсетіп отырсың. Адамды шақырып алып, көп сөйлете бересің. Көп сөйлеген соң абыройдан, сөзден сүрінесің, сосын аяғың шалынған жерден теріп аласыңдар», – деді ол.

Өз кезегінде бағдарлама авторы қонақтың бұл ескертуіне жауап беріп, түсірілімнің ешқандай монтажсыз толықтай жарияланатынын алға тартты.

«Қалай бар, солай жіберемін, уайымдамаңыз», – деді журналист Аман Тасыған.

Cұхбаттың толық нұсқасы бүгін сағат 16.00-де тілшінің YouTube арнасында жарық көреді.

Айта кетейік, осы жылы Бекболат Тілеуханның жиен күйеу баласы болып келетін Жақсылық Омар 6 жылға сотталған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий