Наркологтар жүргізушілерді қалай алдайды

26.04.2026 14:05 Арман Ермеков
Наркологтар жүргізушілерді қалай алдайды
1179
Мұрат Әбенов жемқорлық қаупін министр Әлназароваға жеткізді. Коллаж Politico.kz

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жүргізушілердің мас екенін анықтау кезіндегі дәрігерлердің заңсыз әрекеттері мен жемқорлық қаупі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Politico.kz.

Депутаттың сөзінше полиция қызметкерлері жүргізушіні өз бетінше тексере алмайтындықтан оларды міндетті түрде наркологқа жібереді. Алайда дәрігер азаматты медициналық жүйеде тіркелген электронды жолдама келгеннен кейін ғана қабылдауы керек. Оған дейін жүргізушіге құқықтары түсіндіріліп, адвокат шақыруына мүмкіндік берілуі тиіс.

"ЭЛЕКТРОНДЫ ЖОЛДАМА КЕЛМЕЙ НАРКОЛОГ ТЕКСЕРУГЕ ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ. Бірақ жемқорлық мақсатымен тіркемей өткізуі мүмкін. Соны тоқтату керек", – деп жазды депутат.

Сонымен қатар тексеру кезінде қолданылатын алкотестер Сауда министрлігі бекіткен тізімде болуы шарт.

"Нарколог пайдаланатын Алкотестерлер Сауда министрлігі бекіткен бекітілген құрылғылар тізімінен болуы міндетті. Сонымен қатар сертификаты болуы керек. Оған қоса алты ай сайын пробациядан тексеріліп, пломбамен мөрленуі тиіс. Азаматқа мөр мен сәйкестік сертификаты көрсетілуі тиіс", – дейді Әбенов.

Қазіргі кезде жүргізушінің саулығын медбикелер мен фельдшерлер де бағалай беретінін айтқан халық қалаулысы бұл іспен тек жоғары білімді әрі сертификаты бар нарколог маман ғана айналысуы қажет екенін ескертті. Дәрігердің толық аты-жөні мен мамандығы жазылған ақпарат қабырғада ілулі тұруы міндетті.

Алкотестер көрсеткіштері мен қан немесе зәр тапсыру қорытындылары тек қосымша құрал болып саналады. Негізгі шешімді кәсіби нарколог арнайы жаттығулар мен сауалнамалардан тұратын қатаң алгоритм арқылы шығарады.

"Айтпақшы, азамат алкотестерден бас тартып, қан анализіне немесе өз қалауы бойынша кіші дәрет анализіне негізделген бағалауды талап етуі құқылы. Сондай-ақ алкотестер бастапқы нәтижелеріне сенбесе, дәл сол жерде тұрып қосымша тестілеуді ( қан немесе кіші дәрет аналиді өткізуді ) талап ете алады. Алкотестер деректері мен қан мен зәр анализінің нәтижелері әртүрлі өлшем бірліктеріне ие, сондықтан бір біріне сйкестендіруді формулалары берілуі керек. Міне, дәл осы жерде көптеген қателіктер орын алады", – дейді ол.

Тексеруден бас тарту тек жазбаша түрде, салдары ескертіле отырып жасалуы керек. Сондай-ақ алкотестер нәтижесіне сенбеген азамат дәл сол жерде қосымша тест жасауды сұрай алады.

"Кез келген күдікті екі сағаттан кейін полицияның араласуынсыз екінші тексеруден өтуге құқылы;

Егер жүргізушіні тоқтатып ұстаған елді мекенде ( мысалы ауданда) нарколог мамандар немесе лаболаториялық жабдықтар болмаса, полиция күдіктіні басқа жерге, мысалы облыс орталығына наркологиялық орталығына жіберуі керек", – деді халық қалаулысы.

Сараптама соңында дәрігердің толық мәліметі мен алкотестердің нөмірі және оның тексерістен өткен уақыты көрсетілген қорытынды берілуі қажет.

"БҰЛ МӘСЕЛЕНІ ТЕЗ АРАДА ШЕШУ КЕРЕК. Сондықтан, осы проблемалық мысалды ескере отырып, қалыптасқан жағдайды толық талдау жүргізуді,қажетті өзгерістерді еңгізуді сұраймын", – деді Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий