«Наркоздан оянбаймын ба деп қорқамын»: Гүлзира Айдарбековаға ота жасалады

28.04.2026 12:52 Әсел Мұрат
«Наркоздан оянбаймын ба деп қорқамын»: Гүлзира Айдарбековаға ота жасалады
259
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Қайрант Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі жазбасында денсаулығы туралы бөлісіп, өзіне ота жасалынатынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

«Пенде болған соң уайымсыз болмаймыз ғой, бұйыртса өтімді қалдырып, үлкен тастарды алдыртуға жолға шығып жатырмын, ертең ота жасалыну керек. Кеше балаларыммен қыдыруға шығып бара жатып ойлап қоямын, мен неге сонша сәнденіп киініп жатырмын, бой түзеп жатқан жоқпын ба, операция кезінде наркоздан оянбай қалмаймын ба, әр затыма қызығушылықпен, қимастықпен қарап кеттім ба, неге миымды қорқынышты жаман ойлар торлап алды деп, өзімнен-өзім көңілім әр нәрсеге босаумен жүрдім», — деп жазды ол.

Айдарбекова танымал көріпкелдің өзіне қатысты түс арқылы берілген аянын есіне алып, оқырмандарынан дұға сұрады.

«Түн жарымда @aigul.ag есіме түсті. Алдында түс көріп, историясында Қайраттың мамасын не үшін көргенімді білмеймін, денсаулығына көңіл бөлсінші деп айтқанын, елдер маған көп жіберді. Дайрегіне танымасам да смс жазып, бірақ жауап алмағанмын. Қайта кіріп қарасам смс жазыпты, ватсап нөмірін де жаза кетіпті. Бір Алла ғой ретке келтіруші, бірақ түсі де аяны да тура келетінің қарап жүргенмін. Бәрі жақсы болады деген жылы сөзін естіп қуанып қалдым. Бір ауыз жылы сөз адамға қаншалықты жігер береді десеңші. Көпшілік дұғасын Алла еш қалдырмайды ғой, сіздерде сәттілік тілеп кетіңіздерші, менің өмірімнің бір бөлшегі, бар сырымды ақтарар оқырмандарым!» — деді Гүлзира Айдарбекова.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий