Наурыз айында кімдердің телефоны бұғатталатыны белгілі болды
24 наурыздан бастап абоненттік ұялы құрылғыларды тіркеу ережелері өзгереді.
Телекоммуникациялар комитетінің өкілі Диас Төлегенов 24 наурыздан бастап ұялы құрылғыларды тіркеу ережелері өзгеретінін мәлімдеді. Алайда бұл өзгеріс Қазақстанға жаңадан әкелінген телефондарға қатысты. Бұған дейін сатып алынған құрылғылар автоматты түрде "ақ тізімге" енгізіледі.
Негізгі өзгерістер:
- Телефон сатушылар мен импорттаушылар құрылғыларын сәйкестендіруі керек.
- Тіркеу барысында IMEI кодының түпнұсқалығы, құрылғының заңды түрде әкелінгені тексеріледі.
- GSM жүйесінде құрылғылар үш санатқа бөлінеді:
- Ақ тізім – заңды, еш шектеусіз құрылғылар.
- Сұр тізім – уақытша тіркелген, иелері 30 күн ішінде заңдылығын дәлелдеуі тиіс.
- Қара тізім – жалған, ұрланған немесе заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады.
Азаматтарға өзгерістен қорқудың қажеті жоқ. Бұрыннан қолданыстағы телефондарға ешқандай шектеу қойылмайды. Жаңа телефон сатып аларда imei.rfs.gov.kz сайтынан IMEI кодты тексеру ұсынылады.
Жаңа ереже 2025 жылғы 24 наурыздан бастап күшіне енеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
17:42
Еңбек министрінің отбасы қай санатқа жататыны б...
16.10.2026
17:01
Жолбарыс, киік, итбалық және Конституция: Тоқае...
16.10.2026
17:00
«Ер адамның алдында бұралаңдап»: Желіде Мадина ...
16.10.2026
16:09
Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушіс...
16.10.2026
15:56
Ақтөбедегі жарылыс: газ құю бекетінің иесі сотт...
16.10.2026
15:44
«Басты мақсат — ақша табу емес»: Димаш Грэмми ж...