Наурызға арналған жаңа туристік пойыз іске қосылады

Наурызға арналған жаңа туристік пойыз іске қосылады
06.02.2025 11:07
0
230
Жолаушылар тасымалы
Наурыз мерекесіне орай Өзбекстанға жаңа туристік пойыз іске қосылады

Наурыз мерекесіне орай Өзбекстанға тағы бір туристік пойыз іске қосылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Жолаушылар тасымалы» ұлттық компаниясының мәліметінше, «Керуен экспресс» пойызы 21-27 наурыз аралығында Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Тараз – Алматы бағыты бойынша қатынайды. Пойыз құрамында төрт купе вагоны мен бір мейрамхана вагоны болады. Бұған дейін хабарланған «Жібек жолы» пойызы 20-25 наурыз аралығында жүріп, алты купе вагонын қамтиды.

Саяхат барысында туристер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Керуен сарайды, Ташкенттегі Хазреті Имам кешені, Барақ хан медресесі, Әбу Бәкір Қаффал аш-Шаши мен Төле би кесенелерін, Magic City тақырыптық саябағын, Самарқандағы Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі, Регистан алаңы мен Улықбек, Тіллә-Кари, Шер-Дор медреселерін, сондай-ақ Тараздың тарихи-мәдени ескерткіштерін тамашалай алады.

Туристік пакет құны шамамен 200 мың теңгені құрайды. Бағаға жол жүру, гидпен экскурсиялар, тамақтану, трансфер қызметтері кіреді. Турпакетті туристік агенттіктерден сатып алуға болады.

Анықтама телефоны: +7 (701) 750-40-00.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий