Назарбаев әлемдегі ең бай саясаткерлер ондығына кірді

Назарбаев әлемдегі ең бай саясаткерлер ондығына кірді
24.07.2025 16:20
0
733
Коллаж POLITICO.KZ (Сурет: Reuters, AP Photos, Ашық дереккөз)

Назарбаев әлемдегі ең бай саясаткерлердің ондығына кірді

Brand Vision агенттігі Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевты әлемдегі ең бай мемлекет басшыларының ондығына қосты. 

Рейтинг бойынша ең бай президент Владимир Путин болып танылды. Ал Назарбаев 8 орында тұр. Оның байлығы шамамен 1–2 млрд доллар аралығында бағалануда.

Мәліметте Назарбаевтың Қазақстанды отыз жылға жуық басқарғаны және елді кеңестік республикадан мұнайға бай мемлекетке айналдырудағы рөлі айтылған. Дегенмен нақты байлығы белгісіз. Сарапшылар оның активтерін банк секторымен, жылжымайтын мүлікпен және энергетика саласындағы үлестермен байланыстырады. Ұзақ жылдар бойы билікте болуы мен мемлекеттік компаниялармен байланысы оның қаржылық ықпалын арттырған.

Ең қызығы, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың байлығы 5,1 млрд доллар болса да, ол 9 орынға жайғасқан.

«Бұл тізім жоғары лауазым мен мол байлықтың қатар жүретінін көрсетеді. Әлемнің түкпір-түкпірінде саясаткерлер ықпалын пайдаланып, байлыққа ие болған. Мұнай, бизнес-империя немесе ұлттық инфрақұрылым болсын – бұл көшбасшылар билікті байлыққа айналдырды. Бұл құбылыс саясаттағы күш тепе-теңдігіне әсер етуде» деп қорытындылайды агенттік.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий