"Назарбаев, кет!" ұранының авторы Ермек Нарымбай қамауға алынды
«Назарбаев, кет!» ұранының авторы ретінде танылған саясаткер әрі белсенді Ермек Нарымбай арандатушылық сипаттағы материалдар таратты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Полиция дерегінше, бұған дейін сотталған Ермек Нарымбай соттың заңды күшіне енген үкімін және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға салынған тыйымды біле тұра, бірнеше рет заңсыз әрі арандатушылық мазмұндағы материалдарды таратқан.
«Тергеу нұсқасына сәйкес, ол сот шешімін қасақана орындамай, азаматтарды жаңылыстыратын ақпараттарды жүйелі түрде жариялаған», – делінген полиция хабарламасында.
Құқық қорғау органдары аталған әрекеттердің саналы түрде жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ Нарымбай бұған дейін сот шешімін орындамағаны үшін бес рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Аталған фактілерге байланысты оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, белсенді уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот шешімімен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Соңғы жаңалықтар