Назарбаев Лукашенкоға құттықтау жолдады

Назарбаев Лукашенкоға құттықтау жолдады
03.07.2025 14:28
0
197
Ақорда

Тоқаев пен Назарбаев Лукашенканы Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Беларусь президентінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Александр Лукашенконы елдің Тәуелсіздік күнімен бірқатар шетелдік мемлекет басшылары мен саясаткерлер құттықтады. Құттықтаушылар қатарында Қазақстанның қазіргі және бұрынғы президенттері де бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында Лукашенкоға мемлекет ісіндегі жауапты қызметінде табыс, ал Беларусь халқына – амандық пен өркендеу тіледі.

Құттықтаулар қатарында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да жеделхаты бар. Ол өз құттықтауында Беларусьтің мемлекеттік егемендігін нығайту мен заманауи жаңғыру жолындағы табыстарын атап өтті.

«Сіздердің еліңіз тұрақты даму мен халықаралық аренадағы позициясын күшейту бағытында бірқалыпты ілгерілеп келеді. Сенімдімін, Беларусь алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жете береді», – деп жазылған Елбасының құттықтауында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий