Шерзат Полаттың ісінен кейін қызметінен босатылған полицей жаңа лауазымға тағайындалды
Даулы оқиғадан кейін босатылған полицейдің жаңа қызметі белгілі болды
Алматы облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Серік Шалқаров жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz сайты КазТАГ-қа сілтемемен.
Ақпаратты Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Департаменттің мәліметінше, Серік Шалқаров Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне кіріскен.
Еске салайық, Серік Шалқаров қоғамда үлкен резонанс тудырған Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған болатын.
Шерзат Полатқа қатысты қайғылы оқиға 2025 жылғы 4 қазанға қараған түні болған. Бастапқыда полиция оқиғаға қатысы бар барлық күдіктілер ұсталғанын мәлімдеген. Алайда кейін марқұмның ата-анасы бұл іске қатысы бар адамдардың бәрі бірдей жауапқа тартылмағанын айтып, тергеудің толық жүргізілуін талап еткен еді.
Енді Серік Шалқаров Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
09:22
«Мына сайқымазақты беріңдер»: Олимпиада чемпион...
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...