Назарбаевтың тарихи рөлі: Тұңғыш Президент туралы Тоқаевтың пікірі

Назарбаевтың тарихи рөлі: Тұңғыш Президент туралы Тоқаевтың пікірі
03.01.2025 09:33
0
1185
akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президенттің тарихи рөлі туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбат барысында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөліне тоқталды. Ол Назарбаевтың ұзақ жылдық қызметінде кемшіліктер болғанын мойындағанымен, оның мемлекет құрудағы елеулі еңбегін атап өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Әділетті мемлекет құрамыз десек, тарихымызға да әділ болуымыз керек", – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Назарбаевтың кезеңі елдің шекарасын шегендеуден бастап, жаңа астананың құрылуына дейінгі көптеген жетістікпен есте қалды.

Сонымен қатар, Президент Назарбаевтың отставкаға кеткеннен кейінгі әрекеттеріне де тоқталды. Бұрынғы Президенттің 2021 жылы Мәскеудегі ТМД саммитіне қатысуы және жоғары мемлекеттік лауазым иелерімен кездесулері қосарланған билік туралы пікірлердің өршуіне себеп болды. Тоқаев бұл жағдайды билік дағдарысына ұқсас деп атады.

Президент қазіргі таңда тарихты бұрмалауға немесе қайта жазуға жол беруге болмайтынын атап өтті.

"Кез келген дәуірдің жақсы жақтары да, көлеңкелі тұстары да бар. Бірақ шынайы бағалауға ұмтылу – қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады", – деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или