Назгүл мен Құндыздың үйін сатып жіберген Ілияс Сариев туралы сұмдық дерек белгілі болды

«Елге көмек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Ақтоты Дүйсеева журналист Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына берген сұхбатында аталған қордың жетекшісі әрі қазіргі таңда қамауда отырған блогер Ілияс Сариевтің әрекеттеріне қатысты шындықты ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның айтуынша, Ілияс Сариев қайырымдылық қорына келіп түскен қаржыны мақсатсыз жұмсап, оны құмар ойындарға салып жіберген.
Ақтоты Дүйсееваның сөзінше, бұл жағдай жақында ғана белгілі болған. Ол Ілиястың Кaspi bank арқылы түрлі ставкалар жасағанын төлем тарихынан көргенін айтады. Бұған дейін Ілияс 2014–2015 жылдары құмар ойынмен әуестенгенін мойындағанымен, кейін қойдым деп сендірген. Алайда шын мәнінде бұл әдеті қайта жалғасып, ол миллиондап ставка қоя бастаған. Ақтотының пайымдауынша, қайырымдылықтан жиналған ақшаны орнына қайтара алмай, қаржы тапшылығына ұшырағаны да осы себептен болуы мүмкін.
Айта кетейік, 2024 жылдың 10 сәуірінде Ілияс Сариев алаяқтық күдігімен ұсталып, екі айға қамауға алынған болатын. Ол қажылыққа жібереміз деп халықтан ақша жинаған алаяқ компанияны жарнамалағаны үшін тұтқындалды. Қазір Ілиясқа қатысты арызданушылар саны күннен-күнге артып келеді.
Сонымен қатар, ол «Елге көмек бер» қоры атынан Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында 10 мұқтаж отбасыға тегін үй береміз деп мәлімдеп, көпшіліктен садақа жинаған. Кейін бұл бастаманың нәтижесі ретінде жарияланған азаматтардың қатарында Түркістан облысында 17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлілі Құндыз бен Назгүл де болған. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, қайырымдылықты жамылып, сенімді теріс пайдаланған тұлғаларға қатысты жауапкершілік мәселесін қайта көтерді.
Соңғы жаңалықтар





