«Неге сонша жабайылық танытамыз»: желіде Ғазизхан Шекербековтің көзілдірігін алып алған видео тарады

29.10.2025 12:21 Нақыпбек Фатима
«Неге сонша жабайылық танытамыз»: желіде Ғазизхан Шекербековтің көзілдірігін алып алған видео тарады
0
354
Скриншот видеодан алынды

Танымал әнші Ғазизхан Шекербеков әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдарманына көзілдірігін сыйға тартқан сәтін жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Семейдегі қала күніне арналған мерекелік концертте өнер көрсеткен әнші фанаттарымен суретке түсіп жатқан кезде, бір тыңдарманы: «Очкиіңізді маған беріңізші» деп өтініш жасаған.

«Очки кетті қарындасқа. Семейдің қала күнін осылай тәмамдадық. 6 қарашада Семей қаласында өтетін жеке ән кешіме күтемін», - деп жазды ол.

Қоймай сұраған жас қыздың көңілін қалдырғысы келмеген Ғазизхан көзілдірігін бере салған.
Алайда желі қолданушылары бұл әрекетті ұнатпай, кейбірі қыздың қылығын жабайылыққа теңеді.

«Неге сонша жабайылық танытамыз деймін да, қазағыма», «Сонша жаман очки үшін жалынып не болды», «Біреудің затында не бар сонша? «Берші, берші» деп... Көргенсіздік қой», — деген пікірлер қалдырды желі қолданушылары.

@gazizkhan.live Семейдің қала күнін осылай тәмәмдадық. 6-шы Қараша Семей қаласында өтетін жеке ән кешімде күтемін ✊👍 #gazizkhanshekerbekov #Gazizkhan2025tour ♬ оригинальный звук - Gazizkhan.Shekerbekov
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий