"Негізі жеңілгені үшін сыйлық бермейді": ҚФФ бас хатшысы сыйлыққа көлік алған футболшылар туралы пікір айтты

04.11.2025 15:50 Арман Ермеков Арман Ермеков
0
996
Фото: коллаж POLITICO.KZ

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория "Қайрат" клубының ойыншыларына тарту етілген қымбат сыйлықтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, жақында, осы күзде алматылық клубтың екі жас спортшысы – Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке кәсіпкерлерден жаңа көліктерді сыйға алған болатын.

Давид Лория футбол ойнап жүрген өз заманында мұндайды көрмегенін айтты.

"Жеңілгені үшін әдетте ешкім сыйлық бермейді. Дегенмен, бұл жігіттер үшін үлкен ынталандыру екені даусыз. Ұмытпайық, бұл сыйлықтарды алған жігіттер әлі жас. Оларды алда үлкен жетістіктер күтіп тұр. Егер кәсіпкерлер осылай қолдау көрсетуге дайын болса, бұда тұрған жаман ештеңе жоқ. Ең бастысы ойыншылар мұны дұрыс қабылдап, бір ғана ойынмен шектелмейтінін түсінуі керек. Спорттық нәтиже ұзақ еңбектің жемісі", – деді бас хатшы.

Сонымен қатар, ҚФФ бас хатшысы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, "футболшылар үлкен жалақы алады" деген аңызды жоққа шығарды.

"Сіздер неге бұл жігіттердің үлкен жалақы алады деп ойлайсыздар? Мен сіздерді сендіремін бұл миф. Сол көлік алған жас жігіттердің табысы аса үлкен емес", – деп сөзін түйіндеді Давид Лория.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий