Непалдағы жойқын су тасқыны: Құрбандар саны 1 200 адамға жетті
Непалда болған апатты су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 1 200 адамға жетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ресми мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта 4 200-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұр. Олардың шамамен 600-ге жуығы — шетел азаматтары. Апат аймағында іздестіру-құтқару шаралары тәулік бойы жалғасып жатыр.
Табиғи апат зардаптарын жою үшін жергілікті билік қауіпсіздік күштерінің 20 мыңнан астам қызметкерін жұмылдырған. Құтқару операциясына тікұшақтар мен арнайы жерүсті техникалары тартылды.
Сондай-ақ көршілес Тибет аумағында да жағдай күрделі: 21 адамның мерт болғаны расталды, 500-ден астам тұрғын із-түзсіз жоғалған.
Еске сала кетейік, жойқын табиғи апат 26 тамыз күні Гималай тауларында Непал мен Тибет шекарасындағы мұздықтардың опырылып құлауынан туындаған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...