«Несие алмағаны үшін»: Қызы әкесін айуандықпен өлтірді

Ресейде студент қыз әкесін өлтіріп алды. Әкесі студентке банктен 1,4 миллион рубль несие алуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
SHOT мәліметтері бойынша, күзетші болып жұмыс істеген ер адам микрокредиттік қарыздарын жаба алмаған. Кейін қызына несие алуын талап етеді. Алайда қыз көнбейді.
41 жастағы москвалық Роман 20 жастағы қызына банкке өзі бармаса, оны сол жерге сүйреп апаратынын айтты. Студент тағы да бас тартқан. Әкесі оның бетін жұдырықпен ұрған. Роман қыздарын үнемі қорлап, жүйелі түрде ұрып-соғып отырған. Оның екі қызы полицияға жүгінуге қорықты. Әлімжеттіктен шаршадаған қыз әкесін пышақтап тастады.
Әкесін пышақтап өлтірген қыз уақытша туыстарының бақылауына берілді.
Жақын туыстары мен достарынан жауап алынды, басқа да бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар





