Неймар қазақстандық киберспортшымен кездесті
Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко әлемге әйгілі футболшы Неймармен кездесіп бірге түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Counter-Strike 2 ойынынан бразилиялық Furia командасында өнер көрсететін Molodoy лақап атымен танылған Данил Голубенко желіде Сантос пен Бразилия құрамасының танымал ойыншысы Неймар Жуниормен түскен бірнеше суретін жүктеді. Бұл жазбаның астына қазақстандықтар мен бразилиялық қолданушылар көптеген жақсы пікір қалдырған.
Белгілі болғандай футболшы қазақстандық киберспортшының карьерасын көптен бері бақылап жүр. Сәуір айында Голубенко IEM Rio турниріне қатысу үшін Бразилияға барған кезде Неймар өз тегі жазылған жейде киген ойыншының суретін парақшасында бөліскен. Ал өткен күзде FISSURE PLAYGROUND 2 турниріндегі жеңісінен кейін футболшы пікір жазып құрмет білдірген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды