Нұрлан Албан ұлымен бірге анасының қабіріне барып, видео жариялады
723
Белгілі әнші Нұрлан Албан мектеп бітірген ұлын ертіп, марқұм анасын зиярат етті. Құран бағыштап тұрып айтқан жеке лебізін ол әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
Видеода Нұрлан Албан ұлы Исламмен бірге анасының қабірі жанында тұрып:
«Шеше-ау, Исламың келді! Құдайға шүкір, ұлыңның бойы менен биік. Үлкен жігіт болды. Бірақ бізде сен жоқсың…» – деп тебірене сөйледі.
Әншінің сөзінше, ұлы мектеп бітіріп, сол күні олимпиадаға жолға шыққан. Осы сәтті ол марқұм анасымен рухани бөліскісі келген.
Алайда бейнежазбаға қатысты пікір екіге жарылды: бірі – «Көңілім босап кетті», «Жаны жәннатта болсын!» деп жылы лебіз білдірсе, енді бірі «Соны камераға айту керек пе?» деп наразылық танытты.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...