Нұрлан имам жұртты жылатты

Нұрлан имам жұртты жылатты
10.02.2025 11:10
0
196
ашық дереккөз

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлының ана туралы айтқан сөзі жұртты еріксіз жылатты.

Әнші Жандос Қаржаубай имамның сөзін концерттерінің бірінде айтып берді.

«Тікелей эфирде отырса, Нұрлан имамға «Әулие деген кім?» деп сұрақ қояды. Сонда Нұрлан ағамыз былай дейді: «Шырағым, сен үшін күн демей, түн демей, дұға етіп, атқа отырсаң, тақымыңды қысып, үйіңде әкеңнің шаңырағының отын сөндірмей отырған анаң – ең нағыз әулие», – деп әнші имамның сөзін келтірді.

Бұған желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Әр шаңырақтың қос әулиесі аман болсын, сау жүрсін, әумин!», «Әумин! Перзенттеріміз адал болсын, адал жар жолықсын», «Ата-ананың қартайған шағында солардың тілеуін тілеп, шүкір деп отыратын кез болсын», «Анамызды қадірлейік», – деп жазды желі қолданушылары.

Ақпарат Аikyn.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий